Америка Кубогының финалында Колумбияны жеңген Аргентина құрамасы 16-мәрте жеңімпаз атанып отыр.

Аргентина рекорд жаңартып, бұл турнирді көп ұтқан құрама ретінде тарихқа өзгеріс енгізді.

Бұл дүбірлі додада әр жылдары Уругвай 15 рет, Бразилия 9 рет, Парагвай, Чили және Перу құрамалары екі реттен топ жарғанын атап өткен жөн.