Танымал футболшы Лионель МессиАргентина құрамасымен Америка кубогы жарысында жеңімпаз атанды. Осылайша мансабындағы маңызды 45-ші жүлдесіне қол жеткізіп, рекорд орнатты.

37 жастағы шабуылшы 44 чемпиондық атақ жеңіп алған Дани Алвесті басып озды. Бұған дейін екеуінің жүлделер саны тең болған еді. Енді Месси теңдессіз рекорд иесі. Бірде-бір футболшы 45 чемпиондық жүлде еншілемеген.

Ең көп жүлде еншілеген футболшылардың үштігін мысырлық жартылай қорғаушы Хоссам Ашур түйіндейді. Ол "Әл-Ахли" командасы сапында ойнап, 39 жүлде жеңіп алған.

Америка кубогында Месси 4 ойын өткізді, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.