Еуро-2024 турнирінің финалдық кездесуінде Испания және Англия құрамалары күш сынасты.

Германияның Берлин қаласында өткен финалдық ойында Испания құрамасы Англия құрамасынан 2:1 есебімен басым түсіп, Еуро-2024 турнирінің чемпионы атанды.

Бұл біріншілікте басты жүлдені 24 құрама сарапқа салған болатын. Сондай-ақ Еуропа чемпионаты тарихында Германия мен Испания құрамалары үш рет жеңімпаз атанған. Ал осы турнирдегі жеңісінен кейін Испания құрамасы аталмыш нәтиже бойынша көш бастап, жаңа рекорд орнатты. Оcылайша олар төртінші рет Еуропаның үздік құрамасы атанды.