Қазақстандық боксшы Самат Жетібаев (6-1, 4 КО) Серпухов қаласында (Ресей) өткен «IBA чемпиондар түні» кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Филиппин боксшысы Джей-Ра Ракинелге (16-2-1, 13 КО) қарсы шықты. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған және жекпе-жек толық сегіз раундқа созылып, төрешілер шешімімен Жетібаев жеңіске жетті.

Айта кетейік, турнирдің басты кездесуінде ресейлік Муслим Гаджимагомедов қытайлық боксшы Чжан Чжаосинді нокаутқа түсіріп, бас салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.