Испаниялық теннисші Карлос Алькарас екінші жыл қатарынан Уимблдон чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уимблдон турнирінің финалында Алькарас серб теннисшісі Новак Джоковичті үш сетте 6:2, 6:2, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.

Кездесу 2 сағат 30 минутқа созылды.

Осылайша, 21 жастағы Алькарас мансабындағы төртінші «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды. 37 жастағы Джокович «Үлкен дулыға» турнирлерінің ең көп титулдарының рекордшысы (24) болып қала береді.