Испания құрамасының Англияға қарсы өтетін Еуропа чемпионатының финалдық матчындағы негізгі құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финал жексенбі күні Берлинде өтеді және Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Құрам: Унай Симон (қақпашы), Дани Карвахаль, Робен Ле Норман, Марк Кукурелья, Эмерик Ляпорт, Фабиан Руис, Родри, Дани Ольмо, Нико Уильямс, Ламин Ямаль және Альваро Мората.