Испания құрамасы мен «РБ Лейпциг» клубының жартылай қорғаушысы Даниэль Ольмо «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Джанлука Ди Марцио хабарлағандай, «қалалықтар» ойыншыны бірнеше маусым бойы жіті бақылап келген. Пеп Гвардиола Ольмоның өнерін жоғары бағалайды. Ол үшін «Манчестер Сити» 60 миллион еуро төлеге дайын.

Өткен маусымда Ольмо клуб пен ұлттық құрама сапында 32 матчқа қатысып, 13 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталы онының трансферлік құнын 50 миллион еуроға бағалайды.

Айта кетейік, Ольмо Еуропа чемпионатында үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Испания құрамасы финалда Англиямен кездеседі.