Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бастадта (Швеция) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында отандасымыз хорватиялық Дужа Айдуковичтен 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.

Айта кетейік, Бастадтағы 15-21 шілде аралығында өтетін турнирдің жалпы жүлде қоры - 579 320 еуро.