14 шілде күні Астанада «Президент Кубогы», халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Belline Arena-дағы хард корттарда екі апта бойы ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour сериясындағы сайыс өтеді.

Ерлер арасында ATP Challenger Tour жарысының іріктеу, жеке және жұптық сында жеребе тартылды.

Қазақстан теннисінің жас таланты, ұйымдастырушылардан wild card алған Әмір Омарханов алғашқы айналымда іріктеу жеңімпазымен кездеседі. Григорий Ломакин норвегиялық Виктор Дурасовичпен күш байқасады.

Іріктеу кезеңінде ойнайтын отандық теннисшілер: Ерасыл Ерділда, Виталий Зацепин, Ислам Орынбасар және Ильяс Маратұлы.

Жұптық сындағы жеребе нәтижесі:

Әмір Омарханов/Ерасыл Ерділда - Даниэль Цукерман (Израиль)/Нил Оберлайтнер (Австрия).

Григорий Ломакин/Сергей Фомин (Өзбекстан) - Денис Истомин (Өзбекстан)/Евгений Карловский (Ресей).

Ислам Орынбасар/Ильяс Маратұлы - Александр Лобков (Ресей)/Арон Ванг (Қытай).