Қарағандыда заңсыз сатып алынған активтер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойды.

Негізгі міндеттер - заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ, мүлікті заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау.

Өңір прокуратурасы заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ, құны 900 миллион теңге болатын "Сарыарқа" хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды.

Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.

- Мемлекеттің экономикалық мүддені қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданады", - деп жазылған Прокуратура хабарламасында.