Әлемнің 32-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчикова Уимблдон турнирінің чемпионы атанды.

Чехиялық спортшы финалда әлемнің 7-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Чехиялық спортшы 6:2, 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Крейчикова 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Паолини 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша 2021 жылы Ролан Гарроста үздік шыққан Барбора Крейчикова екінші рет «Үлкен дулыға» жарысында жеңімпаз атанды.