«Әл-Наср» португалиялық жұлдызы Криштиану Роналдумен келісімшартын 2026 жылға дейін ұзарту бойынша келіссөз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Екінші Тайм» сайтына сілтеме жасап.

Журналист Бен Джейкобс ақпараты бойынша, 39 жастағы португалиялық әлі жаңа келісімшартқа қол қоймады. Бірақ Еуропаға оралу жоспарында жоқ.

Роналдудың жалақысы да көбейеді. «Әл-Наср» футболшыны 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін қатарында алып қалмақ. Одан бөлек, Роналдудың Сауд Арабиясында ойнауы телеқұқық келісімшартына да керек.

Роналдудың қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды.

Ол өткен маусымда барлық турнирдегі 45 матчта 44 гол соғып, 13 гол пасын берген.