Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Черчесовтің Қазақстан құрамасымен алғашқы оқу-жаттығу жиыны қыркүйек айының басында өтеді. Станислав Черчесов іріктеу матчтарына, оның ішінде Норвегияға қарсы бірінші ойынға дайындық циклін бастау үшін оқу-жаттығу жиындарын дәл осы уақытта жоспарлап отыр.

Қазір Черчесов көптеген футболшымен араласып, нұсқау беріп жүр. Ресейлік маман мен оның бапкерлер штабының кәсіби жұмысы басталып кетті. Станислав Саламович қазақстандық клубтардың ойындарына да бара бастады», - деді Барменқұлов Sport24 тілшісіне берген сұхбатында.