«Бешікташ» жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков қазақстандық футболшының болашағы жайында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Екінші Тайм» сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, 26 жастағы футболшы алдағы маусымда ыстамбұлдық клубта қала береді.

«Бақтиер маусымды «Бешікташтан» басқа клубта бастамайды. Клуб оған сенім артып отыр. Басқа ештеңе қарастырып жатқан да жоқпыз. Ресей ме? Жақсы футболшыларға қызығушылық қашан да болады. Бірақ Зайнутдинов «Бешікташ» сапында маусымға, еурокубоктарға дайындалып жатыр», – деді Новиков «РБ Спорт» сайтына берген сұхбатында.

Зайнутдинов «Бешікташ» сапында былтырғы тамыздан бері ойнайды. Өткен маусымда 37 матчқа қатысып, бір гол соққан еді.