Астанада каратэден (WKF) Kazakhstan Open халықаралық турнирі жалауын көтерді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Жарыс 14 маусымға дейін жалғасады.

Аталаған турнир елімізде осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Жарыс кумитэ және ката бөлімдері бойынша жасөспірімдер (12-13 жас), юниорлар (14-17 жас) жастар (18-20 жас) және ересектер (18 жас және одан жоғары) арасында өтуде.

Еліміздің намысын Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Берульцева Софья, Азия ойындарының, Азия чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері Алпысбай Қайсар, Әжіқанов Нұрқанат, Үсенова Гүлмира, Юлдашев Данияр, Төлтай Абылай және Қанай Әсел сынды спортшылар қорғауда.

Халықаралық турнирге 5 елден (Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Қазақстан) 800-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынауда.

Жарысқа қазақстандық каратэшілер үшін рейтингтік турнир болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша жастар арасында тамыз ойында Филиппинда өтетін Азия Чемпионаты және қазан айында өтетін Әлем Чемпионатына ұлттық құрама жасақталады.