«Барыс» Әлихан Өмірбековпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының шабуылшысымен екі жақты келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін екі маусымға жасалды.

Өткен маусым «Барыс» спорт мектебінің түлегі үшін Құрлықтық хоккей лигасындағы дебюттік маусым болды.

Негізгі құрамда 52 тұрақты матчта Өмірбеков үш шайба соғып, үш нәтижелі пас берді.