Жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Алекс Перейра ресейлік файтер Магомед Анкалаевтың оны нокаутқа түсіремін деген шулы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өздеріңіз көрдіп жүрсіздер, қанша адам өзін жарнамалауға тырысады. Мені кемсітуге тырысады, нокаутқа түсіремін, жеңемін дейді... бірақ мен жаттығып, дамып жатырмын...

Мен енді ғана дами бастадым, айырмашылығы сол. Бұрын тек кикбоксингпен жекпе-жекке шыға алатынмын. Қазір дайындалып жатырмын, сондықтан әр жекпе-жек сайын олардың менімен жекпе-жекке шығуы қиындай түсуде», - деп келтіреді Перейраның сөзін X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) Championship Rounds.

Айта кетейік, 30 маусым күні Лас-Вегастағы UFC 303 турнирінде Алекс Перейра мен Иржи Прохазка кездесті. Жекпе-жектің екінші раундында бразилиялық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.