25 жастағы қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев БАТЭ ФК-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Борисов клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Transfermarkt порталының мәліметінше, келісімшарт мерзімі 2024 жылдың соңына дейін.

Өміртаев 2024 жылдың ақпанында Виталий Жуковский бастаған «Атыраудан» кеткеннен кейін еркін агент ретінде Беларуське ауысты. «Слуцк» сапында 13 матчта гол+пас жүйесі арқылы 4+1 гол соқты.