Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Яссы қаласында (Румыния) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисші франциялық Энцо Кокодан жеңіліп қалды – 7:6, 2:6, 6:7.

Матч 2 сағат 40 минутқа созылды.

Айта кетейік, жартылай финалда Коко испаниялық Хавьер Барранкомен кездеседі.