Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ауруханаға түсті. Оның алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист әрі Talksport.com инсайдері Майкл Бенсон ақпараты бойынша, Жәнібек салмақ қуу кезінде есінен танып қалған, сондықтан ауруханаға жеткізілді.

Сондықтан жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жек өтпейтін болды. Кездесу 14 шілдеде таңда Лас-Вегаста өтуі керек еді.