«Астана» 25 жасар қазақстандық қорғаушы Талғат Құсяповтың ресейлік «КАМАЗ» клубына ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Астана» клубы қорғаушы Талғат Құсяповтың командадан кететінін хабарлайды. Талғат – «Астананың» жастар командасының алғашқы түлектерінің бірі. Ол өзінің мансабын ресейлік «КАМАЗ» клубында жалғастырады. Біз Талғатты елордалық клуб құрамында қол жеткізген жетістіктері үшін жоғары бағалаймыз және болашақта тек қана жақсылық тілейміз», – деп жазады команданың баспасөз қызметі.

Осы маусымында Құсяпов алаңға екі рет қана шықты. Нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді.