Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды.

Жарыстың осы кезеңіне дейін жеткен қазақстандық теннисшінің қанша сыйақы алғаны белгілі болды.

Уимблдон додасының жартылай финалында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 32-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчиковаға есе жіберіп қойды. Тартысқа толы ойында Елена Рыбакина 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Уимблдон сайтында жарияланған ресми құжатқа сәйкес, Елена Рыбакина жартылай финалға дейін шыққаны үшін 715 мың фунт стерлинг немесе 400 миллион теңгеден астам табыс тапты.