Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы Маргарита Талдыкина Румынияға қарсы матч туралы пікірін білдірді.

– Матч өз алаңымызда өтетіні бізге қосымша сенімділік береді. Команданың атмосферасы керемет. Бәрі бір-біріне қолдау көрсетеді.

– Алдағы ойыннан не күтесіз?

– Өте қызықты ойын болмақ. Қарсыламыздың ойындарын қарап, зерттеу жүргіздік. Сырттағы ойындағы қателіктерімізді қарап, қатемен жұмыс жасадық. Алдағы уақытта өзімізге тиесілі ұпайды алуға тырысамыз.

– Румынияны зерттедіңіздер ме?

– Қарсыласымыз топта жеңіліссіз серияда келе жатыр. Бұл ойыншыларының дайындығы жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

– Румыниядағы ойында жеңіліс таптық. Қателікпен жұмыс жасалды ма?

– Румынияға қарсы матчтан кейін 3 ұпай ала алмағанымыз бәріміздің көңіліміз түсіп, бойымызды өкініш кернеді. Десе де ештеңе қарамай дайындығымызды өткіздік. Бәріміз ойында жеңіске жетуге барымызды салып, алаңда 100% күшімізді көрсетеміз.