«Тобылдың» шабуылшысы Ислам Чесноков Словакияның «Ружомберок» командасына қарсы өткен Еуропа Лигасы іріктеуінің бірінші матчындағы нәтижені (2:5) түсіндірді.

«Не болғанын айту қиын, олардың стандарттарына қарсы үлгере алмадық. Талдау жасап, мұндай қателіктерді қайта жасамауға тырысамыз. Словактар – өте мықты команда, жауап матчта қиын болады. Біз үмітімізді үзбейміз, қайта оралуға әрқашан мүмкіндік бар, қарымта ойынға дайындалатын боламыз»