Қазақстан өкілі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалындағы жеңілісі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесуде чех теннисшісі Барбора Крециковаға 6:3, 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

«Әрине, финалға бір қадам қалғанда матчта жеңілу өте өкінішті. Бірақ, мен айтқанымдай, бұл мен үшін екі апта нәтижелі. Соңғы төрт матчта жақсы ойнадым. Сондықтан мен өзімнің қазіргі деңгейіне, сондай-ақ корттағы физикалық дайындығыма ризамын. Өйткені соңғы айлар мен үшін біраз қиын болды», - деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.