Қостанайлық «Тобыл» УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ел кубогының иегері словакиялық «Ружомберокпен» кездескен. Командалар арасындағы алғашқы матч «Чебрат» стадионында өтті.

Ойын есебін «Тобыл» ашқан - 9-минутта Игорь Иванович гол соқты. Екі минуттан соң Симон Да Силва есепті теңестірсе, 40-минутта алаң иелері сапында Александер Селецки доп салды.

45-минутта Давид Энин допты бос қақпада тулатып, қонақтар таразы басын теңестіре алды. Бірақ үзіліске дейін словакиялықтар қайта гол соқты - Матуш Мали өз командасының үшінші голын салды.

Екінші таймда алаң иелері тағы екі гол соқты. 77-минутта Матей Мадленак доп салса, матч соңында Мали ойын нүктесін қойды - 5:2. Бір қызығы, қостанайлықтар бес голдың төртеуін бұрыштамадан жіберіп алды.

Енді 18 шілдеде командалар Қостанайда қарымта матч өткізеді.