Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №4) Уимблдон финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина жартылай финалда чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен. Ойын үш сетке созылды, қазақстандық теннисші тек бірінші партияда басым түсті – 6:3, 3:6, 4:6.

Матч 2 сағат 9 минутқа созылды.

Осылайша, Уимблдон-2024 финалында Крейчикова мен италиялық Ясмин Паолини кездеседі.