«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасындағы алғашқы матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қобыланды батыр атындағы стадионда «Ақтөбе» еуромаусымдағы алғашқы матчын өткізген. Босниялық «Сараево» клубы қонаққа келді.

«Ақ-қызылдар» матч бойы шабуылдап, бірнеше рет допты қақпа жақтаушасына тигізді. Ал ойын соңына қарай «Сараево» гол соғып кетті. Фрэнсис Кьереме алыстан дәл соққы жасап, 90-минутта доп салды.

Енді қарымта матч 18 шілдеде Боснияда өтеді. Бұл ойында «Ақтөбеге» екі гол айырмашылығымен жеңіске жету керек.