«Барыс» ҚХЛ клубы қақпашы Эдуард Паскуалемен келісімшартты бұзды.

33 жастағы канадалық өткен тұрақты чемпионатта 36 матч өткізіп, 24 рет жеңіліске ұшырап, 4 рет жеңіске жетті. Қайтарылған соққылардың пайызы 90,4, ал сенімділік коэффициенті 3,12 болды.

Бұған дейін Паскуале ҚХЛ-да «Металлург» және «Локомотив» командалары сапында өнер көрсетті.