Футболдан Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси Америка кубогы туралы айтып, ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын меңзеді.

- Біз жалпы құрама ретінде осы сәттің рахатын сезінейікші. Мен дәл қазіргі қуанышымды өзім секілді басқа да жандармен бөлісемін. Сондай-ақ Ди Мария мен Отаменди сияқты бойымда үлкен қуаныш кернеп тұр және бұл футбол майданындағы соңғы шайқас екенін түсінемін, - деді Месси TyC Sports арнасына берген сұқбатында.

Айта кетелік, аргентиналықтар биылғы Америка кубогының финалына шықты. Ақтық сында Аргентина құрамасы Колумбиямен кездеседі. Шешуші кездесу 15 шілдеде сағат 05:00-де өтеді.