Еуразиялық жауынгерлер лигасы OCTAGON 61 турнирінің өтетін орны мен уақытын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Үлкен жекпе-жек кеші 3 тамызда Бішкек қаласындағы «Газпром» спорт кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінің бірінде жеңіліс дәмін татпаған қырғыз файтері Марсель Нурланбек уулу (12-0) өнер көрсетеді.

19 шілдеде Алматыда OCTAGON 60 мерейтойлық турнирі өтеді, оның басты жекпе-жегінде орта салмақтағы қазіргі чемпион қазақстандық Мурад Абдурахманов (10-2) пен өзбекстандық Ислам Болтаев (4-2) кездеседі.

Сондай-ақ турнир аясында қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар өнер көрсетеді, оның қарсыласы қырғыз поп-ММА жұлдызы Елчибек «17 кг» Абдубалиев болады.

OCTAGON 60 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 60 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink

Официальный партнер турнира OCTAGON 60 - Gorilla Energy Drink