Команданы келесі маусымға Қазақстан чемпионатына дайындайтын «Номадтың» жаттықтырушылар құрамын ұсынамыз, деп хабарлайды Prosports.kz сайты hcbarys.kz-ге сілтеме жасап.

Алдағы кезеңде «Номадты» Ғалым Мәмбеталиев басқарады. Оның жаттықтырушылар штабына Георгий Верещагин, Вячеслав Белан, Павел Бессонов және Александр Березенский кіреді.

Жақында маусым алдындағы дайындық жоспары жарияланады, сонымен қатар жанкүйерлерді команда құрамымен таныстыруды бастаймыз.