Бүгін, 11 шілде күні Ружомберокта (Словакия) Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойыны қостанайлық «Тобыл» мен жергілікті «Ружомберок» арасында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ружомберок» - «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Оны SPORT+ телеарнасынан көруге болады.

«Тобыл» Еуропа лигасында Қазақстан кубогының жеңімпазы ретінде өнер көрсетеді.

Қазіргі уақытта «Тобыл» Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде 4-орында тұр. ҚПЛ-ның 12-турында қостанайлық клуб «Ақтөбені» жеңді (4:3).