Кеше, 10 шілдеде Уимблдон-2024 турнирінің ерлер арасындағы жекелей сында соңғы ширек финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Теннис. Уимблдон-2024. Ерлер. Жартылай финалға шыққан теннисшілер.

Даниил Медведев (Ресей, 5) – Карлос Алькарас (Испания, 3);

Новак Джокович (Сербия, 2) – Лоренцо Музетти (Италия, 25).

Ұсынылған теннисшілердің ішінде 22 жастағы Музетти Уимблдон және жалпы «Үлкен дулыға» турнирлерінің жартылай финалдық кезеңінде бұған дейін өнер көрсетпеген.

Айта кетейік, Уимблдонның қазіргі чемпионы - әлемнің үшінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас. 2023 жылғы финалда ол бес сетте серб теннисшісі Новак Джоковичті жеңді.