Колумбиялық әнші Шакира 2024 жылғы Америка кубогының финалдық матчы басталар алдында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финал 14 шілдеде Майамидегі (Флорида, АҚШ) ard Rock Stadium стадионында өтеді. Шешуші кездесуде Аргентина құрамасы Колумбиямен ойнайды.

«Бүкіл континентті дүр сілкіндіретін шоуды тамашалауға дайын болыңыз», - делінген турнирдің әлеуметтік желілерінде.

Grammy иегері Шакира 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен футболдан әлем чемпионатының ашылу және жабылу салтанатында Waka Waka әнін орындады. Бұл композиция әлем чемпионатының ресми әнұраны болды.