Қазақстандық Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Люк Хупермен кездесті.
Бірінші партияда Әмір 6:4 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде корт иесі есе қайырды – 7:5.
Шешуші, үшінші сетті Омарханов брейкпен түйіндеді – 6:3. Тартысты матч 2 сағат 16 минутқа созылды.
Әмір Омарханов ширек финалға шығу үшін турнирдің 1-ракеткасы, америкалық Кейлан Бигун немесе франциялық Томас Фаурелдің қай жеңгенімен таласады.
Бүгін әйелдер арасында Елена Рыбакина украиналық Элина Свитолинамен шеберлік байқасып, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Комментарии