Әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық теннисші Элина Свитолинаны (әлемнің 21-ракеткасы) 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 2 минутқа созылды.

Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық теннисшінің қарсыласы Барбора Крейчикова (Чехия) – Елена Остапенко (Латвия) жұбының жеңімпазы болады.