Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ром Ильматов өмірден озды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ел спорттың жарқын жұлдызы, КСРО енбегі сінірген жаттықтырушы, грек-рим күресінен Олимпиада Ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ильматов Ром Хасанович өмірден мезгілсі озуына байланысты көңіл айтамыз. Ром Хасанович жоғары дәрежедегі ұлағатты ұстаз әрі адамгершілік қасиеттері мол жаны жайсаң, болмысы бөлек адам еді. Онын асыл мінезі мен жетістектері баршамыздың жадымызда мәңгі сақталады», - делінген хабарламада.

Білікті бапкер 1936 жылы Шығыс Қазақстан Олысы, Бородулиха ауданында дүниеге келген. Ол 26 ақпанда 88 жасқа толған болатын. Ал бапкердің шәкірті Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек-рим күресінен 48 келіде чемпион атанған. Сонымен бірге, 1981 жылы өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы. Ол 1980 жылы Прьевидзеде өткен Еуропа біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды.

Ал грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров 2020 жылы 2 тамыз күні бақилық болған еді.