Испанияның Мадрид қаласында күрес түрлерінен Гран-при турнирі аяқталып, Қазақстан әйелдер құрамасы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мадрид төрінде үш спортшымыз финалға шығып, күмісті қанағат тұтты. Олар - Ирина Казюлина (65 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі).

Лаура Алмағанбетова (57 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды