Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ең көп спортшы апаратын елдер тізімдігі белгілі болды.

Нақтырақ айтсақ, бірінші орында АҚШ құрамасы тұр. Олар Олимпиада ойындарына 592 спортшыны апармақ. Ал екінші орын шаршы алаң қожайындарының еншісінде. Жергілікті жанкүйерлер өздерінің 587 спортшысына үміт артып отыр. Сонымен қатар спортшылар саны жағынан үздік үштікті Австралия құрамасы түйіндеп тұр. Олар 468 спортшысына үміт артып отыр.

Ал Қазақстан құрамасы әзірге 80 жолдамамен ең көп спортшы апаратын елдер қатарында 38 орынды түйіндеп тұр.

Ең көп спортшы апаратын елдер тізімі:

1- АҚШ — 592

2- Франция — 587

3- Австралия — 468

4- Германия — 425

5- Жапония — 411

6- Қытай — 398

7- Испания — 382

8- Италия — 366

9- Ұлыбритания — 327

10- Канада — 318

11- Бразилия — 277

12- Нидерланды — 258

13- Польша — 211

14- Жаңа Зеландия — 196

15- Венгрия — 175

16- Бельгия — 164

17- Египет — 153

18- ЮАР — 149

19- Оңтүстік Корея — 144

20- Украина — 138

21- Аргентина — 136

22- Ирландия — 132

23- Швейцария — 127

24- Дания — 125

25- Швеция — 117

26- Чехия — 113

27- Индия — 113

28- Сербия — 112

29- Мексика — 107

30- Норвегия — 107

31- Румыния — 107

32- Түркия — 102

33- Греция — 101

34- Колумбия — 89

35- Израиль — 88

36- Нигерия — 87

37- Өзбекстан — 86

38- Қазақстан — 80