Бүгін Қытайдың Цинхай провинциясының жолдарында «Цинхай көліне саяхат» атты жыл сайынғы көпкүндік тас жол веложарысының үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңнің жеңімпазы итальяндық Мануэле Тарозци болды. Жеңістің екінші сатысына «Астана» сапында бақ сынайтын Хенок Мулубырхан көтерілді. Үздік үштікті Эквадор спортшысы Джефферсон Сепеда түйіндеді.

Цинхай көліне саяхат. Екінші кезең. Худжу - Гид. 202,4 км

1. Мануэле Тарозци (VF Group-Bardiani CSF-Faizanè) - 4:59:122. Хенок Мулубырхан («Астана»)3. Джефферсон Сепеда (Caja Rural-Seguros RGA) +0:03