Аустралиялық кәсіпқой ойыншы Джастин jks Сэвэйдж Counter-Strike 2-ден Team Liquid халықаралық командасы сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы HLTV порталы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Командаға сондай-ақ польшалық киберспортшысы Роланд ultimate Томковяк қосылуы ықтимал.

Ұйым BLAST Premier: Fall Groups 2024 киберспорт чемпионатына қатысу үшін ойыншыларды тіркеді. Клуб бапкері болып Торбьерн mithR Нюборг тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда CS2-ден Liquid ұжымы бапкер Уилтон Прадомен қоштасқан еді. Бұған дейін ұйым капитан және мерген Каспер cadiaN Мёллер қосалқы құрамға ауыстырылған болатын. Жақын арада клуб FURIA-ға Фелипе skullz Медейросты сатуы мүмкін.