Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынына кіріседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

21 шілде күні Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында құрама команда Олимпиада алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізеді.

Содан соң, балуандар Парижге жол тартады.

Айта кетелік, еркін күрестен Қазақстан еншісінде 4 жолдама бар. Бұған дейін Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) квота иеленген.

Кеше 57 келідегі Мейрамбек Қартбайдың да Олимпиадаға баратыны анықталды.