Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов ұлттық құраманың және ресейлік «Зенит» командасының ойыншысы Нұралы Әліптің ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әліпті алғаш рет Түркияда көрдім. Ол 18 жаста еді. Бірден оған назар аудардым. Осы жылы Нұралы көп матч өткізді. Әліп Ресей кубогінің финалында гол салды. Осы маусымда ол жиі ойнайды деп үміттенемін. Десе де "Зениттің" негізгі құрамында үлкен бәсекелестік бар», - деді Черчесов.

Еске салайық, Нұралы Әліп матч барысында жаппай төбелеске қатысып, алаңнан қуылғанын жазған едік.

24 жастағы футболшы 2022 жылдан бері "Зенит" сапында ойнап жүр. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік нарықтағы құны – 3 миллион еуро.