«Арлан» қорғаушы Олег Железновпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа келісімшарт екі жыл мерзімге жасалған.

Өткен маусымда 31 жастағы хоккейші Қазақстан тұрақты чемпионатында 48 кездесу өткізіп, 21 (5+16) ұпай жинаған. 14 плей-офф ойынында ойыншы үш нәтижелі пас берді.