«Қызылжар» Кот-д'Ивуардың шабуылшысы Сенин Себаимен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сенин жанкүйерлерге жақсы таныс – ол Қазақстанда «Тобыл» сапында ойнаған.

Форвардтың «Балтика», «Химки», «Ахмат» сынды командаларда ойнау тәжірибесі де бар. «Тамбов» құрамында ол Ресей бірінші лигасының чемпионы атанып, командамен РПЛ-ға кірді.

Сениннің кейінгі клубы Сауд Арабиясының бірінші лигасындағы «Аль-Джандал» болды.

Туған күні: 18 желтоқсан 1993 жылБойы: 182 смСалмағы: 73 келіПозиция: ШабуылдаушыАзаматтығы: Кот-д'Ивуар.