WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 19 КО) промоутер Оскар де ла Хойяның X әлеуметтік желісіндегі мексикалық Хайме Мунгияға (43-1, 34 КО) қарсылас таңдаған жазбасына жауап берді, деп жазады Prosports.kz.

Де ла Хойя Мунгия мен бұрынғы әлем чемпионы Калеб Плант (22-2, 13 КО) арасында жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынды: «Хайме Мунгия мен Калеб Плант арасындағы жекпе-жекке қалай қарайсыз?» деп жазды Оскар.

«Мунгия мен Жәнібек жекпе-жегіне ше?» деп жауап берді Әлімханұлы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының осы аптаның аяғында Лас-Вегаста жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) кездеседі.