Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы Мадридте өтіп жатқан Испания Гран-приінде төрт жүлде алды.

Біздің спортшылар халықаралық жарыста үш күміс және бір қола медаль алды.

Ирина Казюлина (65 келіге дейін), Жәмиля Бақбергенова (72 келіге дейін) және Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) екінші болып мәреге жетті.

Гран-приде үшінші орын алған Лаура Алмағанбетова (57 келіге дейін).