Беларусьтің «Слуцк» командасы 25 жастағы қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевтың кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі жақтың келісімі бойынша шабуылшы клубтан кетті. Футболшы «Слуцк» сапында 13 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.