Танымал қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен, Абылайхан Жүсіпов, Олимпиада ойындарынан кейін екі жыл бойы кәсіпқой бокста тәжірибе жинақтадым және Бокс федерациясы мен Қарағанды ​​облысы спорт басқармасының шақыртуымен және қолдауымен әуесқой боксқа ораламын. Өз тәжірибеммен туған жерім – Қарағандының өсіп келе жатқан боксшыларына үлгі болып, алға ұмтылуға шақырамын деп ойлаймын. Қарағанды ​​облысынан Олимпиада ойындарының көптеген қатысушысы мен чемпионы шығатынына сенімдімін. Қарсыластар, дайындалыңдар, мен өзімді көрсетуге дайынмын», – деп жазды Абылайхан әлеуметтік желіде.

Еске салайық, Жүсіпов әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021 жылдары) атанған еді.

Кәсіпқой рингте боксшы төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның үшеуінде қарсыластарын нокаутқа түсірген болатын.